×

Астана төрінен жайлы баспана сатып алғандар үй сапасына шағымданып жатыр

Тұрғындар  депутатқа да шағымданған екен. Бірақ оқырманы көп блогер тіл қатпапты

Астана төрінен жайлы баспана сатып алғандар үй сапасына шағымданып жатыр
Фото: Sputnik / Александр Вильф

«Қызыл-жасыл жарнамаға алданып опық жеп отырмыз». «Тапқан-таянғанымызға үй аламыз деп, ақшамызды босқа құрттық» деген астаналық бір топ тұрғын жаппай шағымданып жатыр. Елорданың төрінен «комфорт плюс» санатындағы пәтер сатып алған астаналықтардың үйдің сапасына көңілі толмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап.

Астана төрінен жайлы баспана сатып алғандар үй сапасына шағымданып жатыр «Қызыл-жасыл жарнамаға алданып опық жеп отырмыз». «Тапқан-таянғанымызға үй аламыз деп, ақшамызды босқа құрттық» деген астаналық бір топ тұрғын жаппай шағымданып жатыр. Елорданың төрінен «комфорт плюс» санатындағы пәтер сатып алған астаналықтардың үйдің сапасына көңілі толмайды. Автонесие жалақысы белгілі бір шектен аспайтын азаматтарға берілуі мүмкін Мәжілісте ақшаға құныққан осы блогерлер мәселесі көтерілді Жигули Дайрабаевтың жер мен үйге қатысты айыптауларға жауабы Өйткені құрылыс компаниясы әдемі суреттерді көрсетіп, жеме-жемге келгенде, ұсқынсыз пәтердің кілтін ұстатқан. Одан қалды, бұл тұрғын үй кешенін белгілі блогер, қазіргі депутат жарнамалаған екен. Жаңа вокзалға барар жолда салынған әдемі үйлерден көз сүрінеді.

Солардың бірі – «Байтұрсын» кешені. Сыртқы келбетіне сөз жоқ. Ал біз барғаннан тұрғындар шағымын айтып тауыса алмады. Бір жыл күтіп алған пәтеріне ешкімнің көңілі толмайды. Қалай жамасақ та, жыртығы бітер емес деп ашулы.

“Бұл үй бізге «комфорт плюс» деп сатылған. Қазір бәрін көрсетеміз. Міне, 12-13 см шығып тұр, бұл ең көп дегенде төрт-бес см болу керек. Бұған эконом жасаған ба, жай ғана көбік құйып кете салған. Міне, бұрандамасы ұсталып тұр”, – деді ол.
 

Нұрсұлтанның өзі құрылысшы, құрылыстың мән-жайын біледі. Сондықтан пәтер ішінде қисық, жұқа қабырға, тіпті түсіп қалғаны оның көзіне бірден түседі. Компания жарнамалаған буклеттегі үй мен тұрғындарға берген үйдің айырмашылығы жер мен көктей.

Салымшылардың шағымы шаш-етектен. «Экономға» жоламай, бизнес санатқа жақын пәтер алғысы келгеннің бәрі таңдаудан қателескенін кейін біліп жатыр. Көпқабатты үйдегі лифтінің жыры бір бөлек. Ішінде адам қалып қояды, ашылмай қалады, үйге жиһазды баспалдақпен көтеруге мәжбүр. Өйткені тым кішкентай, стандартқа сай келмейді. Ал баспалдақтың өзі үрей тудырады.

“Қабырғаны көріп тұрсыз, «комфорт плюс» санатының қабырғасына ұқсай ма? Біз Мемлекеттік сәулетқұрылыс бақылау басқармасына шағым айттық, Матулла мырзаға. Ол кісі: «сен подьезде жасайсың ба, саған подьезд не үшін керек, лифт істемесе, жаяу көтерілу үшін керек», – деді Астана тұрғыны Нұрсұлтан Дауылов.

Тұрғындар үйдің құрылысына риза емеспіз деп қаншама рет айтып, көрсетсе де, ештеңе өзгерген жоқ деп өкпелі. Алайда бізбен тілдескен компания өкілі бәрінің құжатқа сай, уәде етілгендей жасалғанына сенімді. «Арыз да аз» - дейді.

“Уәде берілген қабырғаны, төбені түзедік. Мемлекеттік сараптамада көрсетілген барлық пункт орындалды. Қазір тұрғындарға подьезд ішін дұрыстауға кірістік деп чат арқылы хабар бердік. Өйткені осыған дейін пәтер ішіндегі құрылыстың біткенін күттік. Тамызға дейін жұмыс жүреді. Үй өз санатына сәйкес”, – дейді Сағынай Жиенбеков, «GBG» компаниясының жоба менеджері.

Тұрғындар  депутатқа да шағымданған екен. Бірақ оқырманы көп блогер тіл қатпапты. Бізге үйдің сапасы көңілінен шығатын айтты.

Астанада болмаса ,Алматыда үйлерді сол санатпен салыстыратын болсаңыздар, «Байтұрсынның» деңгейі одан әлдеқайда жоғары. Кейбір оқырмандарым, менің сыныптастарым да тұрып жатыр, мен айтқаннан кейін. Ол жерде менің туысқандарым да бар. Шағым түспей тұрып та сонда бардым. Мен оны елге айтып жүргеннен кейін, өзімнің оқырмандарым ала бастады. Менің командамдағы жігіттерім де алды, ешқайсысы шағым айтпады”,  – деді Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев.

«Бәріне жаға бермейсің» дейді Дәулеттен. Сұрағына бола жақпай жүрген жұрт қолына көп түсе бермейтін компания өкілдеріне біз кеткенде әлі шағым айтып тұрды. Себебі: бәрі төлеген ақшасына сай қызмет көрсетілуін қалайды. Ал бүгін депутаттар әр нәрсені жарнамалап, жауапкершілік алмайтын блогерлерге шектеу қояйық деп ұсынды. Әйтпесе «біз де алдандық» деп бәрі жалтарып кетеді. Олардың артында қаншама оқырманы бар. Үй алудың ең тиімді жолын көрсететін блогер Астанада соғылып жатқан тағы бір кешенді жарнамалауда. Оны да «Байтұрсынды» салған компания тұрғызып жатыр. Салымшылардың тағы қызыл-жасыл жарнамаға сеніп қалмасына кім кепіл?

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →