×

Жаңаөзенде аштық жариялаған 15 адамға жедел жәрдем көлігі шақыртылды

Әкімдіктен адамдар келіп, “аштықтың салдарына жауап бермейтіні жөнінде” құжатқа қол қойдыртуға тырысқан

Жаңаөзенде аштық жариялаған 15 адамға жедел жәрдем көлігі шақыртылды
Telegram/ Azattyq

Жаңаөзенде тұрақты жұмыс сұрап, аштық жариялаған 15 адамға 4 мамырға қараған түні жедел жәрдем көлігі шақыртылды. Бір адамның қан қысымы түсіп кеткен. Бұл жөнінде Азаттыққа жаңаөзендік белсенді Жадыра Доскеева мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттықтың Telegram арнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, 3 мамырда әкімдіктен адамдар келіп, “аштықтың салдарына жауап бермейтіні жөнінде” құжатқа қол қойдыртуға тырысқан.

“Ертең біреу құдай сақтасын, аяқ астынан жазым болып өліп кетсе, үкімет өзінің мойнына алмайды. Сол үшін қол қойдыртып алайын деген. “Бізде кінә жоқ, жұмыс ұсындық” дегендей. Ал наразылар қол қойған жоқ”, –  деді белсенді.

Түнде қалада жаңбыр жауған кезде аштық жариялағандар әкімдік алдындағы қалқаға келіп, сонда түнеп шыққан. Наразылар прокуратурадан адамдар келіп, “қысым жасауға тырысқанын” да айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →