×

Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы күрделеніп барады

Қазіргі уақытта Ақтау қаласында жерасты желілерді жаңарту жұмыстары басталды

Маңғыстау облысында ауыз су тапшылығы күрделеніп барады

Осы орайда, өңірдегі су мәселесін реттеу үшін 6 жоба жүзеге асады. Алыс-жақын елді мекендерді айтпағанда, Ақтау мен Жаңаөзен қаласының тұрғындары тіршілік нәріне мұқтаж, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Былтыр кәсіпорынның қуатын екі есеге ұлғайту үшін Ресейлік компаняимен келісім жасалды. Алайда, құрылығының келуі кешігіп, салдарынан жұмыс кейінге шегеріліпті. Қазіргі кезде облыстағы ауыз су тапшылығы тәулігіне 77 мың текше метрге жеткен. «Каспий» су тұщыту зауыты тәулігіне 25 мың текше метр ауыз су өндіреді.

Бұл жерде 6 компанияға ұсыныс жіберілді. Қытайдың «Сабон», Катардың «Метито» компаниялары және Біріккен Араб Әмірлігінің «Наруото» компанясы, түріктің және немістің компаниялары болды. Бұл жерде бірнеше ірі компанияларға ұсыныс берілді. Соның ішінде ең тиімдісі біздің елде өкілдігі бар компания болғанын қаладық, – дейді «Каспий» су тұщыту зауытының директоры Нұрлыбай Аққұлов.

Аймақтағы ауыз су мәселесін реттеу үшін 6 жоба жүзеге асады. «Қаражанбас» кен орнындағы су тұщыту зауыты қуаттылығын 10 000 текше метрге дейін көтеруді қарастырып отыр. Ақшұқыр ауылында жеке кәсіпкер қуаты 5000 текше метр су тұщыту зауытын салса, «Кендірлі» демалыс аймағында тәулігіне 50 000 текше метр ауыз су өндіретін зауыт бой көтереді. Тағы бір зауыт Түпқараған ауданында салу жоспарда бар. Сонымен қатар, «МАЭК»-те қосымша 24 мың текше метр су тұщыту қондырғылары орнатылады. Ал «Каспий» су тұщыту зауытының жобасы сәтті жүзеге асса, мұнда тәулігіне 100 000 текше метр су өндіріледі.

Мысалы жеке кәсіпкер 5000 текше метрге жеткізетін болса, 2 мың текше метр суды Ақшұқырға, 3 мыңды Ақтауға беруді жоспарлап отырмыз. «Каспий» су тұщыту зауытын салу жоспарда тұр. Яғни, 5 мыңнан тағы екеуін салатын болсақ, оның өзі біраз пайда береді. «МАЭК» мекемесіне биыл 12 метр су тұщыту қондырғысын орнатсақ, оның өзі бірталай көмек болады, – дейді Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Шалабаев.

Қазіргі уақытта Ақтау қаласында жерасты желілерді жаңарту жұмыстары басталды. Бұл да өз кезегінде халықтың сапалы ауыз су алуына ықпал етеді. Ал, 2025 жылдың соңына қарай, аймақта ауыз су мәселесі түбегейлі шешіледі, дейді жауаптылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →