×

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Құжат 19 мамырға дейін қоғам талқысына шығарылды

Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қазақстанда биыл шілдеден бастап темекі өнімдері қымбаттайды. Ашық НҚА порталында "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрық жобасы жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құжатта 20 фильтрлі, фильтрсіз сигаретке, папиростарға, сигариллаларға және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылды.

Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрлік мәліметінше, бағаның өсуіне темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесінің 14%-ке ұлғаюы, импортталатын шикізат пен материалдардың қымбаттауы, логистиканың едәуір күрделенуі және инфляция себеп болып отыр.

Осыған байланысты ведомство темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасын көтеруді орынды деп санайды.

Құжат 19 мамырға дейін қоғам талқысына шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →