×

Шымкентте қатты желден ағаш құлап, көлікті басып қалды

Құлаған ағаш көліктің жүк салғышын ғана зақымдаған

Шымкентте қатты желден ағаш құлап, көлікті басып қалды

Шымкентте күшті желден ағаш құлап, көлікті басып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, екпіні күшті желдің салдарынан қала орталығында алып ағаш құлап, көлікті басып қалды. Құлаған ағаш көліктің жүк салғышын ғана зақымдаған.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың критерийлері бойынша қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға екпіні секундына 18 метр және одан да көп болатын желдің жылдамдығы жатады. Қазір Шымкентте желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді", - деп жазды басылым.

 

"Азаматтарды барлық сақтық шараcын сақтауды сұраймыз. Сақ болыңыздар, кішкентай балаларды далаға шығармаңыздар", деп хабарлады Шымкент төтенше жағдайлар департаменті.

Бұған дейін синоптиктер 4-6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасаған еді. Республика бойынша желдің күшейіп, оңтүстіктегі өңірлерде шаңды дауыл соғатыны хабарланған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →