×

Айтыскерге ұшаққа домбырамен кіруге рұқсат бермей қойған: әуе компаниясы түсініктеме берді

Ақын қызметкерлерді қорлап, итеріп жіберді, деп хабарлады әуе компаниясы

Айтыскерге ұшаққа домбырамен кіруге рұқсат бермей қойған: әуе компаниясы түсініктеме берді
instagram.com/tleutai.aisholpan

Жас айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай Fly Arystan бортсеріктері ұлттық аспапты ұшаққа кіргізбей қойғанын айтты. Ақын бортсеріктердің талабына көнбей, сонда да домбырамен ұшаққа отырған.

Бұл ақпарат әлеуметтік желілерде үлкен пікірталас тудырды. Оқиға туралы әуе компаниясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ережеге сәйкес, музыкалық аспапқа бөлек орын сатып алынады, алайда ақын тарапынан ол орындалмаған. Сонымен қатар Тілеутай қызметкерлерді қорлап, итеріп жіберді, деп хабарлады әуе компаниясы.

"Бейнематериал кадрларын, сондай-ақ әуе компаниясы қызметкерлерінің есебін тексеру қорытындысы бойынша жолаушы қызметкерлердің ережені түсіндіруге деген өтініші мен әрекетін елемей, оларды қорлап, итеріп жіберіп, ұшақ бортына жүгіргені анықталды", - деп хабарлады авиакомпания.

Бірақ рейсті кешіктірмеу үшін жолаушыны ұшақтан шығармау туралы шешім қабылданды.

"Ұшу уақытын кешіктірмеу үшін жолаушыны рейстен шығармау туралы шешім қабылданды, өйткені мұндай жағдайда қауіпсіздік ережелеріне сәйкес барлық жолаушыны түсіріп, оларды қайта тексеру қажет болады. Дәл осындай жағдай қайталанған жағдайда авиакомпания деструктивті жолаушыларға тиісті шараларды қолдануға мәжбүр болады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сондай-ақ әуе компаниясы дәстүрлер мен ұлттық құралдарды құрметтейтінін, бірақ жолаушылардың мәртебесіне немесе танымалдылығына қарамастан талап барлығына бірдей екенін айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →