×

Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті

Педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді

Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті

Кентауда желмен ұшқан мектеп шатырының бөлігі мұғалімнің басына түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қатты желден Кентау қаласындағы мектеп пен колледждің және тұрғын үйлердің шатыры ұшып, халықты әбігерге салуда.

Қала орталығында орналасқан №1 мектептің шатыры құлап, аулада кетіп бара жатқан ұстаздың басына түскен болатын.

“Бірден ауруханаға жеткізілген педагогке алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Қазір науқастың жағдайы орташа. Басындағы самай бөлігіндегі жарақат тігілді. Травматология бөлімінде ем алып жатыр”, - деді Кентау қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Асылбек Утебаев.

Айта кеетйік, Түркістан облысында дүлей дауылдан әлі екі аудан тұрғындары жарықсыз отыр.

Сондай-ақ Шымкентте де қатты жел болып, ағаш көлікті басып қалған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →