×

Еуропарламентке 70 жыл толды

Еуропалық парламент тікелей дауыс беру арқылы сайланатын әлемдегі жалғыз өкілді орган

Еуропарламентке 70 жыл толды
oilexp.ru

Еуропалық Парламенттің кезекті көшпелі сессиясы барысында Страсбург қаласында (Франция) Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестіктің (КБЕБ) жалпы ассамблеясының құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өтті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

ЕО Парламентінің баспасөз қызметі атап өткендей, 1952 жылы құрылған Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестігінің жалпы ассамблеясы Еуропарламенттің алдында құрылған ұйым.

1952 жылы Ассамблеяға мүше әрбір мемлекеттің ұлттық парламенттерінен тағайындалған 78 парламентші кірді. 1958 жылы Еуропалық экономикалық қоғамдастық пен Еуропалық Атом энергиясы қауымдастығы құрылғаннан кейін ЕКББ жалпы ассамблеясы кеңейтіліп, “Еуропалық Парламенттік ассамблея” болып өзгертілді. 1962 жылы орган “Еуропалық парламент” атауын қабылдады.

Салтанатты шараны Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола ашты. Ол Көмір және болат жөніндегі еуропалық бірлестіктің (ЕКББ) жалпы ассамблеясының бірінші отырысынан кейінгі 70 жыл ішінде Ассамблея тек нығайып келе жатқанын атап өтті.

“Еуропалық парламент тікелей дауыс беру арқылы сайланатын әлемдегі жалғыз өкілді орган болды. Ол – көптілді, көппартиялы және трансұлттық парламент”, – деді ол.

Салтанатты шара Людвиг ван Бетховеннің “Қуаныш туралы Ода” туындысымен аяқталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты
Кеше, 15:01

Алматы әкімі тазарту құрылыстарын жаңғырту және «Сорбұлақ» жинағышының жағдайымен танысты

Алматы әкімі су тазарту нысандарын аралап, жаңғырту шараларын күшейтуді тапсырды
«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →