×

Дайрабаевтың басынан дау кетпеді: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды

Бұған дейін Жигули Дайрабаев қыр соңынан қалмай, сын жаудырып жатқандарды білемін деген еді

Дайрабаевтың басынан дау кетпеді: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды

ҚР Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаевтың отставкасын талап еткен петиция жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Президенттік сайлауға түскенінен бастап оқтын-оқтын халық арасында талқыланып жүрген депутат Дайрабаев жайлы тағы әңгіме шықты. Анығы оның отаставкасын талап еткен петиция жарияланды. Петиция авторы депутаттың екі ұлы жемқорлықпен ұсталғанын, мемлекетке келтірілген 550 миллион теңгелік шығын қалпына келтірілмегенін жазған. Оған қоса Дайрабаевтың өз ұлдарын жақтап, қорғап сөйлегенін сөккен. 

Сонымен қатар, петицияда Дайрабаевтың ұлдарына қатысты жанжалда депутаттың да аты-жөні айтылғаны жазылған. 

"Компания өз елді мекенінде алаяқтық жолмен 10 мың гектар жерді иемденген. Ауыл тұрғындарына дивидендтер уәде етілді. Алайда олар ешқандай пайда таппады. Бұл мәселеде мәжілісмен Жигули Дайрабаевтың есімі де аталды. Алайда депутат бұл алаяқтыққа қатысы бар екенін көпшілік алдында жоққа шығарды", — делінген петицияда.

Бүгінде петициямен 1531 адам келіскен. Петицияны қолдаған азаматтар депутат Жигули Дайрабаевтың өз өкілеттігінен бас тартуы керек деп санайды.

Бұған дейін Жигули Дайрабаев қыр соңынан қалмай, сын жаудырып жатқандарды білемін деген еді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →