×

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды

Ер адам мас күйінде болғаны анықталды

Павлодарда көшеде пышақпен жүрген ер адам ұсталды
polisia.kz

Павлодар полициясы қолына пышақ алып, көше кезген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

6 мамырда Павлодар қаласының полициясына Академик Сатбаев көшесіндегі сауда үйінің жанында ер адам пышақпен жүргені туралы хабарлама түсті.

Бұл факті Павлодар қаласының Солтүстік Полиция бөлімінде тіркелді.

Көрсетілген мекенжайға дереу түрде автопатрульдер мен тергеу-жедел тобы жіберілді.

“39 жастағы ер адам ұсталып, жеке басы анықталды. Қолындағы ас үй пышағы тәркіленді”, - делінген мәліметте.

Полиция қызметкерлері медициналық куәландыру жасау үшін ер адамды денсаулық сақтау мекемесіне жеткізді.

“Нәтижесінде, ер адам мас күйінде болғаны анықталды. Полиция ер адамды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына апарды. Полиция тексеру жүргізіп жатыр”, - делінген ұсынылған хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →