×

Журналист інісі мен досын Түркістан облысында экс-полицей 35 жерден атқанын хабарлады

Журналист мұның артында депутат Асхат Кенжебеков тұр деп топшылайды

Журналист інісі мен досын Түркістан облысында экс-полицей 35 жерден атқанын хабарлады
Коллаж: Qaz365.kz

Әлеуметтік желіде Күлтегін Аспанұлы деген лақап атпен тіркелген журналист Асан Анарбайұлы Түркістан облысының Ордабасы ауданында інісі мен досына бір топ адам оқ атқанын мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz 

«Кім деймісіз? Экс-полицей Т.К және оқиға орнында ағасы, Арыс қалалық мәслихат депутаты А.К және Қ.К бар. Ағайынды 30-40 жастағы жігіттер 2000 жылғы бозбалаларға оқ атып, жаралы күйінде сабаған, қарап тұрған», - дейді Күлтегін Аспанұлы.

Оның айтуынша, оқты экс-полицей Т.К атқан. Журналист інісіне 30-35 рет оқ тиген деп отыр. 

«Көршінің баласына да ондаған оқ тиген. Тұрғылықты мекен-жайы және оқиға орны Ордабасы ауданы болғандықтан, аудандық ауруханаға жіберген. Түс ауа Ордабасы аудандық аураханаға алып барған. Екі баланың ахуалына салғырт қараған медқызметкерлер ауруханаға жатқызудан бас тартқан. Кешке інімнің әкесіне «балаңызды палатаға қабылдамаймыз, оқтарды алу қиын, іріңдеген соң шығады» деген», - дейді ол.

Журналист мұның артында депутат А.К тұр деп топшылайды. Кейін бұған Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

«Ордабасы аудандық полиция басқармасына орталық ауруханадан екі жас жігіттің түрлі дене жарақатымен түскені туралы хабарлама келген. Оқиға орнына бірден жедел-тергеу тобы шықты. Тексеру барысында Ордабасы ауданы ауылдарының бірінде бұзақылық жайты орын алғаны белгілі болды. Аталған жайт бойынша күдіктілер анықталды. Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы мен аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі сақшыларынан арнайы топ құрылып, күдіктілерді ұстау шаралары жүріп жатыр. 
Іс Түркістан облысы ПД басшылығының қатаң бақылауында. Оқиғаның шығу себептері мен толық мән-жайы анықталатын болады»
, - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі жәбірленушілердің дене жарақатының ауырлығына байланысты құқықтық баға берілетін болады деп отыр. Сонымен қатар арыздың тіркелу уақыты сияқты іске қатысты толық мән-жай бойынша қызметтік тексеру жүргізілуде екен. Аталған жайт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →