×

Буллингтен зардап шеккен өскемендік қыз шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды

1 наурыз күні алған соққыдан көзінің айналасындағы жарақаты әлі күнге дейін жазылар емес

Буллингтен зардап шеккен өскемендік қыз шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды
Facebook / Dina Tansari

Бұл туралы “Не молчи” қорының басшысы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

“1 наурыз күні алған соққыдан көзінің айналасындағы жарақаты әлі күнге дейін жазылар емес. Зардап шеккен қыздың көзінің айналасындағы ісігі қайтпай, ішіне жиналған сұйықтық солқылдатып ауырып шыдатпағандықтан, “жедел жәрдем” шақыруға тура келген. Қазіргі таңда шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды”, - делінген жазбада.  

Сонымен қатар жазба авторы оқиға болған күнгі видеоны қайта қарап, қатарласын ұрып-соққан қыз туралы пікірін білдірген.

“Бейнежазбадағы А.есімді қыз ойын-сауық орталығында өзінің қатарласын аямай ұрып, үстінен киімдерін, іш киіміне дейін шешуге мәжбүрлеген. Басқалалары мәз болып, камераға түсіріп тұрған. Бейнежазбаны қайта-қайта қарап, А.-ның қорғансыз қызды аямастан төмпештеп жатқанын көріп, жағамды ұстадым. “АДК” ойын-сауық орталығында ол қыздың көзіне жұдырығымен бірнеше соққы беріп, бетінен тепкен. Әлі күнге дейін жазылмай келе жатқан көз жарақатын сол кезде салған”, - дейді қор жетекшісі. 

Сондай-ақ Дина Тәңсәрі Чернышова Инесса ханымның осы А. есімді қыздың қоғамдық әжетханада тағы бір қызды ұрып жатқан сәтін таспаға бейнелеген видеоның бар екенін жақсы білетінін айтқан. Ол қызға да дәл осындай соққылар жасаған, бірақ екінші қыздың кім екені әлі анықталмаған. 

“Бұл видео бізге сәуір айының басында түсті. Оны біз Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне жолдағанбыз. Ол жақтан мәселенің мән-жайын анықтауға уәде бергенмен, шенеуніктердің бұл оқиға жөнінде қандай шешім қабылдағаны бізге белгісіз”, - дейді буллингке қатысты тағы бір оқиғаны баяндаған Дина Таңсәрі. 

Сонымен қатар, ол өскемендік оқушы қызға қатысты оқиға бойынша 14 оқушының анықталғаны туралы мәліметті жұртшылыққа жария етпей отырғаны туралы шындықты да жайып салды. 

“11 қыз бен 3 ұл! Олар қызды ұрып-соққан, камераға түсірген, қылмыскерлерді қолдап, жәбірленушіні мазақ еткен, яғни осы қылмысқа тікелей қатысы бар. Мұнша адамға қарсы келе алмайтынын білген байғұс қыздың қарсылық көрсетуге және өз шындығын дәлелдеуге шамасы келмегені анық.
Қалған 11 оушының аты жөндері мен қай мектептен, колледжден екені бізге белгісіз. Алайда оларды полицияға есепке алып, білім беру ұйымдарының басшыларын жауапқа тартуды талап етеміз!
Қыздың денсаулығы әрі қарай не боларын білмейміз, мүмкін алдағы уақытта ота жасау қажет болатын шығар. Сондықтан полиция мен прокуратура дәрігерлердің медициналық қорытындысын ерекше бақылауға алып, қосымша сараптамалар тағайындауы тиіс!”
 - деген талаптар қойып отыр қор басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →