×

Қазақстанда Жеңіс күнінің танымалдығы жыл сайын артып келеді - БАҚ

Қазақстанда Жеңіс күнінің танымалдығы жыл сайын артып келеді - БАҚ
Фото: nur.kz

9 мамыр Жеңіс күнін КСРО-ның құрамында болған елдердің біразы әлі күнге дейін тойлайды. Бірақ бұрынғы жылдармен салыстырғанда көзқарас өзгеріп келеді. Мұны сарапшылардың өзі жоққа шығармайды. Бірақ Жеңіс күнін тойлау қажет дейтін тарихшы, саясаттанушылар да әлі бар, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.
Бүгін Мәжіліске келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 9 мамырда қызыл ту алып шыққандардың жауапқа тартылмау себебін түсіндірген болатын.

«Оларға ескерту, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Құқықтық мемлекетте тұрғандықтан, заңда шектеу болмаған соң оған (КСРО туын алып шығуға – тілші) рұқсат. Алайда біз ашық қоғамда тұрамыз. Егер олардың әрекеті қоғамның наразылығын тудырғандықтан, ішкі істер органдарының сақшылары насихаттау, үгіттеу, ескерту жұмыстарын жүргізді», – дейді Марат Ахметжанов.

Осы ретте тарихшылар мен сарапшылар не дейді? Мысалы, белгілі диссидент Кәрішал Асановтың ұлы тарихшы Болат Асанов ресми үкіметтік деңгейде не болып жатқанын бағалау қиын деп отыр.

«Әсіресе, КСРО-ның құрамында өзге елдердегі жағдайлар туралы айта алмаймын. Алайда қарапайым адамдар кеңестік дәстүрлерді құрметтейтіні анық. Жеңіс күніне деген көзқарастың өзгеруі тарих пен тарихи оқиғаларды қайта қарау сияқты үрдіспен байланысты ма десек, әрине бұл жерде бәрі бір-бірімен қабаттасып жатыр», – дейді Болат Асанов.

Ол басты мәселе көзқарас өзгерді ме соған байланысты деп отыр. Егер солай болса, тарих ғылымының өзін дамытып, догмалардан құтылу қажет деп санайды.
Тарихшы бұл ретте ресейлік жазушы Виктор Астафьевпен толық келісемін деп отыр. Ол жер бетіндегі болашақ ұрпақ бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүру үшін адамзат, ең алдымен кеңес құрамында болған елдердің халқы бұл жеңістің қандай қиындықпен келгенін қаперде ұстағаны жөн деп айтқан.

 «Сол себепті меніңше, мұны әрқашан есте сақтау, ешқашан ұмытпау маңызды. Әсіресе 9 мамырға деген тағзым қажет. Қаза тапқандарға тағзым ету керек», – дейді Болат Асанов.


Саясаттанушы Әнуар Бақытханов болса, Жеңіс күні еліміз үшін, халқымыз үшін әрқашан маңызды күн болды және солай қала береді деп отыр.

«Соңғы жылдары мерекенің кейбір аспектілері өзгеруі мүмкін. Бірақ ардагерлерге және бейбітшілік пен бостандық үшін жанын пида еткендерге деген құрмет өзгермейді. Біз батырларымызды ұмытпай, құрметтеуіміз керек. Сондықтан олардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды және әрқашан батылдық пен батырлықтың үлгісі ретінде қабылданады», – дейді саясаттанушы.


Ол неліктен бұл күнге деген көзқарас өзгеруі мүмкін? деген сұраққа да жауап берді.

 «Бәлкім, елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың, жас ұрпақтың құндылықтары мен мүдделерінің және әлемдегі саяси жағдайдың өзгеруі әсер етуі мүмкін. Әлемдегі жағдайдың тез өзгеретіні Украина мен Ресей арасындағы соғыстан да байқалады. Әйтпесе, бұрын бір ел, бір одақта болған мемлекет қой. Ал бүгінде жақын арада татуласпайтын дұшпанға айналды», – дейді Әнуар Бақытханов.

Ол Жеңіс күніне деген көзқарасты өзгерту мәселесі сөзсіз басқа тарихи оқиғаларды қайта қарастырумен байланысты деп отыр. Бұған қоса, геосаяси факторлар Қазақстанда да, басқа елдерде де Жеңіс күнін қабылдау мен тойлауда маңызды рөл атқарады деп санайды.

 «Жеңіс күніне деген көзқарас құрмет пен ризашылыққа бейімделу керек деп айтамын. Елін фашизмнен қорғау үшін өз өмірін құрбан еткендерге алғыс білдіремін. Бұл сонымен қатар, соғыс кезінде жақындарынан айырылғандарды еске алатын, тағзым ететін күн болуы тиіс. Ал Қазақстанда мұндай отбасылар өте көп. Бұл күннің тарихи маңыздылығын есте сақтау және жас ұрпаққа соғысқа жол берілмейтінін түсіндіру маңызды», – дейді саясаттанушы.

Қоғам қайраткері Мұрат Телібеков Жеңіс күнін жылда тойлай беру қаншалықты оғаш көрінсе де, мерекенің танымалдығы жыл сайын артып келеді деп санайды.

«Билік, керісінше, өте сақ және сенімсіз. Неліктен Жеңіс күнін қазақстандықтар жақсы көреді? Қоғам екіжүзділіктен шаршаған, сондықтан олар өтіріктің, арсыздықтың батпағына батып кетпеу үшін осыған талпынады. Адамгершілік тазалыққа деген ұмтылыс әуел бастан адамның табиғатында бар.Жеңіс күніне деген көзқарас көптеген елде өзгергеніне, әрине, келісемін. Бірақ Ресей мен Қазақстанда бұл мереке танымал болып келеді. Шығыс Еуропада оған тыйым салынады. Неліктен Қазақстан соларға елеңдейді? Меніңше, тіпті кеңес заманында да біздің республика бөлек тұрды. Қазақстан барлық республикалардың ішіндегі ең кеңеске берілген ел болды деп айтар едім. Бізді әлі күнге дейін Ресеймен берік қатынастар байланыстырады. Туыстық тарихтан тамыр тамыр тартады. Бәлкім, көршімізде болып жатқанның бәріне өте елеңдеуіміз содан болар», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →