×

Тимур Құлыбаевтың сенімді серігі Абылай Мырзахметов ұсталды

Мырзахметов "Атамекен" палатасын 2013 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды

Тимур Құлыбаевтың сенімді серігі Абылай Мырзахметов ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

«Атамекен» ҰКП экс-басшысы Абылай Мырзахметов 30 миллион доллар көлемінде пара алып жатқан сәтте ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

"30 миллион доллар (Т13,3 млрд теңге) пара алғаны үшін "Атамекен" Ұлттық палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ұсталды", – деп жазылған Press.kz телеграм арнасы.
 

Кейін бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпаратты ресми түрде растады. 

Мырзахметов "Атамекен" палатасын 2013 жылдың қыркүйегінен бастап басқарды. Ол қызметінен 2022 жылдың ақпанында – қаңтардағы оқиғалардан кейін босатылды. Оған дейін 2009 жылдың тамыз айынан бастап "Бүркіт " ФКҚ" ЖШС-нің бас директоры болған. Әр жылдары Қазақстанның сауда-өнеркәсіп палатасын басқарған және басқа да лауазымдарды атқарған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →