×

Ленин шахтасындағы жарылысқа күдіктілер қатарында "АрселорМиттал Теміртау" бас директоры бар

Комиссия мүшелері жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі барын анықтаған

Ленин шахтасындағы жарылысқа күдіктілер қатарында "АрселорМиттал Теміртау" бас директоры бар
Tengrinews.kz

Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласы Ленин атындағы шахтада бес кеншінің өмірін қиған апатқа байланысты тергеу аяқталды. Комиссия мүшелері жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі барын анықтады,  деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Арнайы тергеудің қорытындысын Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. Ол Ленин атындағы шахтадағы апатқа метан мен көмір шаңының көп шоғырлануы себеп болғанын, соның салдарынан тұтану туындағанын атап өтті.

"Тергеу барысында көмір департаментінің, Ленин атындағы шахтаның инженерлік-техникалық қызметкерлері тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы анықталды. Шығарындылар қауіпті учаскенің болжау қызметінің штаты тау-кен шеберлерімен қамтылмаған, іс жүзінде 13 адам болған, ал есеп бойынша 25 адам болуы тиіс. Сондай-ақ, аэрогазбақылау қызметінің штаты да қамтылмаған. 16 электрослесарь болған, негізі 25 болуы керек", –  деп атап өтті Юрий Ильин.

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы комиссия заң бұзушылыққа жол берген 26 адамды анықтағанын айтты. Олардың қатарында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының бас директоры Бижу Наир мен Көмір департаментінің директоры Гельсон Батиста бар.

Арнайы тергеу материалдары полицияға тапсырылады. Соңғы процессуалдық шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін қабылданады, деп баса айтты министр.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада түнгі сағат 3.03-те “АрселорМиттал Теміртау” АҚ Көмір департаментінің Ленин атындағы шахтасында метан газы жарылған болатын. Апат кезінде шахтада, жер астында 106 адам болған. 101 адам эвакуацияланды, бес адам қайтыс болды, төрт адам ауруханаға жатқызылды. ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі “Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалған. Санавиация бригадасы зардап шеккендердің жағдайы бойынша төтенше жағдай болған жерде консилиум құрып, екі кенші Қарағандыға жеткізіліп, ота жасалды. Кейін “АрселорМиттал Теміртау” АҚ Көмір департаментінің директоры Арман Қалықов Ленин атындағы шахтадағы себебі аталған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →