×

Таразда "Қазфосфат" қызметкерлері наразылыққа шығып, мекеме басшысы қызметтен алынғаны хабарланды

Жиналғандар 150-180 мың теңге аралығында жалақы алатынын айтты

Таразда "Қазфосфат" қызметкерлері наразылыққа шығып, мекеме басшысы қызметтен алынғаны хабарланды
Азаттық рухы

Таразда "Қазфосфат" қызметкерлері наразылыққа шықты . Соңғы мәліметтерге сүйенсек, мекеме басшысы қызметінен алынып, жағдай тұрақталған, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Halyq Uni ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап..

Жүздеген қызметкер “Қазфосфат” ЖШС-ға қарасты “Жаңа Жамбыл фосфор зауыты” филиалы маңында жиналған. Қызметкерлердің айтуынша, мекеме басшысы жұмысшыларды балағаттаған. Ал жұмысшылардың бірі оған қол жұмсаған. Сондай-ақ жиналғандар қордаланған мәселені көтеріп,жан айқайларын алаңда жеткізген.

Олардың сөзінше, жалақы мөлшері – 150-180 мың теңге аралығында. Олар осындай жағдайда басшылық қызметтегілердің 18-24 миллион теңге аралығында жалақы алатынына наразы.

Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы Таразда “Қазфосфат” жұмысшыларының наразылыққа шыққанына қатысты түсініктеме берді.

“2022 жылдың 23 қарашасы сағат 11:40 шамасында “Қазфосфат” қызметкерлері арасында түсінбеушілік туындады. “Қазфосфат” ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестеріне дөрекі сөйлеген. Соның салдарынан түсінбеушілік болған”, – деп хабарлады басқарма.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

“Қазфосфат ЖШС-ға қарасты цифрлық трансформация басқармасының басшысы әріптестерінен кешірім сұрады. Ол жұмыстан шығарылды”, –  делінген ақпаратта.

Еңбек инспекциясы басқармасының хабарлауынша, шамамен 200-ге жуық қызметкер жиналған.

“Осы оқиғаға қатысты зауыт ішінен ерікті 20 адамнан құралған жұмысшы топ құрылды. Топ құрамына әр цехтың басшысы және кәсіподақ өкілдері еніп, өзекті мәселелер бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Қазір кәсіпорындағы ахуал тұрақтанды. Жағдай облыс әкімінің тікелей бақылауында”, –  деп хабарлады еңбек инспекциясы басқармасы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →