×

Көлащыдағы өлім: отбасында аман қалған жалғыз жан есін жиды

Жексенбі күні бір отбасынан 5 адам жер қойнына тапсырылды

Көлащыдағы өлім: отбасында аман қалған жалғыз жан есін жиды
Almaty.tv

Алматы облысы Көлащы ауылында уланудан аман қалған жалғыз адам бүгін жансақтау бөлімінде есін жиып, палатаға ауыстырылды. Бұл туралы Қарасай аудандық көпсалалы ауданаралық ауруханасының дәрігерлері айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv -ға сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Көлащы ауылындағы екі қабатты үйде болған. Ауыр қазадан ес жия алмаған жақындары тілшілермен тілдесуден бас тартты. Жексенбі күні олар бүтін бір отбасының 5 адамын жер қойнына тапсырды. 

Дәрігерлердің айтуынша, белгісіз заттан уланған отбасының отағасы тіл тартпай кеткен. Ал оның есеңгіреген жары мен балалары бірден ауруханаға жеткізіліпті. Дәрігерлер қанша тырысса да, кәмелеттік жасқа толмаған 4 баланы аман алып қалу мүмкін болмаған. Отбасында тек анасы тірі қалған.

– Бесеуінің де жағдайы түскен кезде өте ауыр болды. Бесеуіне де өкпенің жасанды вентиляциясын қолдандық. Облыстан арнайы мамандар келіп, тәулік бойы көмектесіп отырды, – деді Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Жүзбеков.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ ол болған жайттен хабарсыз. Дәрігерлер 38 жастағы әйелге қаралы хабарды психологпен және туыстарымен бірге жеткізбек. Мамандар бес адамның өмірін жалмаған улы газ болуы мүмкін деп топшылады.

– Жедел жәрдем қызметкерлері көміртегі тотығынан улануы мүмкін деп болжап отыр. Бізге келіп түскен кездегі талдаудан қышқылды көруге болады. Карбоксигемоглобин мөлшері жоғары болды. Көміртегі тотығынан уланған кезде талдау нәтижесі осындай болады, – деді Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Жүзбеков.

Бірақ СЭС мамандар асығыс шешім шығармау керегін айтты. Олардың айтуынша, отбасы мүшелері тағамнан да улануы мүмкін.

– Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Санэпидбақылау департаментінің мамандары тоңазытқыштағы барлық тағамды экспертизаға алды. Бөлмедегі ауа температурасы өлшенді. Мәселенің неден болғанын зерттеу нәтижесі белгілі болғаннан кейін, қосымша хабарлайтын боламыз, – деді  Алматы облысы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Темірлан Айтбаев.

Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары жағдайдың қалай болғанына көз жеткізу үшін жан-жақты зерттеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның нақты себебі барлық талдаудың нәтижесі шыққаннан кейін белгілі болады.

– Аталған дерек дереу аудандық полицияда тіркелді. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін медициналық сараптама тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізілуде. Айта кетейік, тергеу үшін Алматы облысының зерттеу сынақ өрт зертханасы, газ қызметі шақырылды, – деді Қарасай аудандық полиция басқармасының басшысы Айдар Омаров.

Айта кетейік, биыл Алматы облысында 8 адам көмірқышқыл газынан уланған. Оның төртеуі көз жұмған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →