×

Медеудегі өрттен қаза тапқан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге беріледі

Қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбеков мемлекеттік наградаға ұсынылды

Медеудегі өрттен қаза тапқан Құрманбековтің отбасына 13 млн теңге беріледі
коллаж Qaz365.kz

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркіндегі таудың баурайында өртті сөндіру кезінде қызметтік борышын өтеп жүргенде жанып жатқан ағаштың діңі үстіне құлаған Арслан Құрманбековтің мұрагерлеріне 13 миллион теңге өтемақы төленеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті.

«Құқық қорғау қызметі туралы» заңға сәйкес, қаза тапқан қызметкер Арсланның Құрманбековтің мұрагерлеріне оның 60 айлық ақшалай қаражаты (5 жылғы) біржолғы өтемақы төленетін болады (шамамен 13 миллион теңге). Сонымен қатар, жерлеуге жұмсалған шығыстарға 600 мың теңге көлемінде өтемақы беріледі», - делінген хабарламада.

Жерлеу бойынша барлық шығындарды Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды.

Төтенше жағдайлар министрлігі Президент әкімшілігіне қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндіруші Арслан Құрманбековті мемлекеттік наградаға ұсынған.

Сонымен қатар, Алматы қаласы әкімдігінің атына әлеуметтік көмек тәртібінде Арслан Құрманбековтің анасына тұрғын үй бөлу мүмкіндігін қарастыру туралы өтініш жолданды.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →