×

СҚО тұрғындары алаяқтарға 9 млн теңгесін аударып жіберді

Белгісіз әйел қоңырау шалып, қызының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, адам зардап шеккенін хабарлаған

СҚО тұрғындары алаяқтарға 9 млн теңгесін аударып жіберді
Ашық дереккөздерден

Солтүстік Қазақстан облысында өткен демалыс күндері 3 тұрғын алаяқтардың арбауына түсіп, 9 млн теңгесін аударып жіберген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

СҚО прокуратурасы тұрғындарды алаяқтар «сіздің туысыңыз апатқа ұшырады» деп, «торына» түсіретінін айтады.

Бұл тәсіл негізінен егде жастағы адамдарды алдауға бағытталған, «банктерден қоңыраулар» сияқты мұнда да алаяқтар топ болып әрекет етеді.

Ведомствоның мәліметінше, өткен демалыс күндері өңірдің үш тұрғыны осындай схемамен 9 млн теңгеге алданып қалған.

Петропавлдың 67 жастағы тұрғынына белгісіз әйел қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған және қызының кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, адам зардап шеккенін хабарлаған. Содан кейін «жалған полицей» бұл мәселені шешіп, жылы жауып қою үшін жәбірленушіге 5 млн теңге төлеу қажеттігін айтқан.

Тұтқаның ар жағындағы бейтанысқа сенген қала тұрғыны 3 млн теңге соманы аударған. Тек кейін ол қызымен хабарласып, бәрі жақсы екендігін және оның ешқандай жол-көлік оқиғасына түспегенін біледі.

«Егер белгісіз адам қоңырау шалып, өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырса және сіздің туысыңыз қиындыққа тап болғанын хабарласа, қандай да бір әрекет жасамас бұрын, телефонды қойып, өзіңіздің туысыңызбен байланысуға тырысыңыз. «102» немесе «49-39-49» телефон нөміріне қоңырау шалыңыз. Таныс емес адамдардан түскен қоңырауларға сенбеңіз. Алаяқтарға ақша мен парольдерді бермеңіз. Ақпаратты тексеріңіз. Ресми ұйымдарға қоңырау шалыңыз және мұндай қызметкерлердің шынымен жұмыс істейтінін тексеріңіз», – дейді прокуратура өкілдері.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →