×

Хромтауда жалақы өсіруді талап еткен 70 шахтер шахтаға түспей қойды

Әкімдіктің мәліметінше, наразылармен келіссөз жүргізілді

Хромтауда жалақы өсіруді талап еткен 70 шахтер шахтаға түспей қойды
aqtobegazeti.kz

12 мамыр күні Ақтөбе облысындағы Дөң кен байыту комбинатының 70 жұмысшысы жалақы көбейтуді талап етіп, шахтаға түспей қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Наразылар Хромтау ауданындағы Дөң кен байыту комбинатының "Тәуелсіздіктің 10 жылдығы атындағы" шахтада хром кенін өндіреді.

“Шахтада үңгуші болып жұмыс істеймін. Жұмысымыз өте ауыр. Айлығымызды көбейтсін! Басқа айтарымыз жоқ”, – деді наразылардың бірі.

Шахтерлердің наразылығы туралы ақпаратты "Қазхром" трансұлттық компаниясы да, Ақтөбе әкімдігі де растады. Әкімдіктің мәліметінше, наразылармен келіссөз жүргізіліп, жұма күні түстен кейін олар қайтадан шахтаға түскен.

"Қазхром" трансұлттық компаниясының хабарлауынша, Eurasian Resources Group-қа қарасты кәсіпорындардың бәрінде 2023 жылғы қаңтар айында жалақы 15 пайызға көбейген.

"Жұмысшылардың бұл жолғы талаптары да ескеріледі" деп хабарлады "Қазхром" трансұлттық компаниясы. Бірақ шахтерлер жалақысы қай айдан бастап, қанша пайыз көбейетінін нақтыламады.

"Қазхром" директорлар кеңесінің құрамына Александр Машкевич, Патох Шодиев және Шухрат Ибрагимов секілді белгілі олигархтар кіретін Eurasian Resources Group компаниясына тиесілі. Ашық дереккөзге сүйенсек, "Қазхромда" жалпы 19 мың адам, ал Дөң кен байыту комбинатында 7,5 мың адам жұмыс істейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →