×

Павлодарда мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама берген күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған бала заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді

Павлодарда мектепке бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама берген күдікті ұсталды
polisia.kz

Павлодарда терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген күдікті анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Павлодар облысы бойынша полиция департаменті мен ҰҚКД бірлескен іс-шаралар барысында білім беру ұйымдарында қойылған бомба туралы жалған хабарламалар таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған ткүдіктіні анықтады. Күдікті Павлодар қаласы мектептерінің бірінде оқитын 14 жастағы оқушы болып шықты.

Оқушы 2023 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында жаңа телефон нөмірлері арқылы аккаунттар құрғаны анықталды, ол арқылы терроризм актісі туралы жалған хабарламаларды білім беру объектілерінің электрондық поштасына жолдаған, содан кейін аккаунттарды жойып отырған. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Кәмелетке толмаған бала заңды өкілдердің кепілгерлігіне берілді, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Айта кетейік, терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық және 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
28.04.2024ж. 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →