×

Астанада 100 отбасы газға тегін қосылады

Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар, т.б. бар

Астанада 100 отбасы газға тегін қосылады
Ашық дереккөздерден

Астанада әлеуметтік аз қамтылған жүз отбасы газға тегін қосылады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың ішінде зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, көп балалы отбасылар, т.б. бар.

Астана қаласындағы Алматы және Сарыарқа аудандары газға қолжетімділікпен толық қамтамасыз етілген. Бұл шамамен 12 мың абонент. Оның ішінде 8 мыңнан астам абонент газға қосылды. Үйлерді газға қосу шығындарын азайту үшін үлкен жүйелі жұмыс жүргізудеміз: халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 450 мың теңгеге жуық сомаға газдандыру шығындарына өтемақы көзделген, сондай-ақ құны 150 мың теңгеге жуық есептеу аспаптары тегін беріледі, - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, қалған аудандар бойынша газ құбырын жеткізу желілерін, кварталішілік желілерді салу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі.

Қазіргі уақытта елорда әкімшілігі әлеуметтік осал санатына жататын мұқтаж адамдардың тізімін жасаған. Оған материалдық жағдайы газдандыруды өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ тұрғындар енгізілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →