×

15 мамырдан бастап Бали мен Алматы арасында әуе рейсі іске қосылады

Биыл Қазақстан мен Индонезия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 30 жыл толады.

15 мамырдан бастап Бали мен Алматы арасында әуе рейсі іске қосылады
Ашық дереккөздерден

Air Astana мен Garuda Indonesia әуе компаниялары 15 мамырдан бастап Қазақстан мен Индонезия арасында әуе сапарларын іске қосады, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Қазақстандағы Индонезия елшілігінің мәлімдеуінше, аталған рейс Бали – Сеул – Алматы қалалары арасында ұшады.

Елшілік екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа биыл 30 жыл толатынын атап өтті. 

"Туристер ағыны, халықтар арасындағы байланыс, екі ел арасындағы сауда және инвестициялық жобалардың көлемі артады деп күтіп отырмыз. Garuda Indonesia әуе компаниясының бас директоры Ирфан Сапутра өз мәлімдемесінде Бали – Сеул – Алматы бағыты бойынша әуе қатынасы рейстер арасындағы транзиттік уақыт шамалы болғанда және Оңтүстік Корея Инчхон әуежайында транзиттік визаны ресімдеудің қажеті болмаған кезде ұшатын рейстердің неғұрлым бәсекеге қабілетті болатынын айтты", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →