×

Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығы жиі тіркелетін өңірлерді атады

Ішкі істер министрлігі ұялы телефон ұрлығы жиі тіркелетін өңірлерді атады
Ашық дереккөздерден

Жыл сайын ұрлық қылмыстарынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Ішкі істер органдарында тіркелген қылмыстардың шамамен 80% меншікке қарсы жасалады – ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық жымқыру. Олардың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде 2018-2022 жылдар ішінде ұрлық үлесі 62,6%-дан 40,1%-ға дейін төмендеді. Мүлкінен айырылған адамдардың бәрі бірдей түрлі себептермен полицияға арызданбайды», - деп көрсетілген министрліктің төрт жылдық жоспарға енгізген мәліметтерінде.

Жыл сайын ұрлық саларынан азаматтарға 10 млрд теңгеден аса шығын келеді. Ал, кейінгі 5 жыл ішінде қылмыс уақытылы ашылып, зардап шеккендерге 57 млрд шығынның 32 млрд теңгесі өтелген. Тиісінше қалған 25 млрд теңге қайтарылмаған.

«Талдау көрсеткендей, ұрлықтың 62%-ы күндізгі уақытта жасалады. Олар қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың 70%-ын құрайды. Олардың ішінде 85% барлық қалта, жартысынан көбі ұялы телефон және 65%-ы көлік құралдарын ұрлау. Ұялы телефон ұрлығының жоғары үлес салмағы Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, Ақтөбе, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарына тиесілі», - деп талдау жасалған тұжырымдамада.

Құқық қорғау органдарының ақпаратына қарағанда, азаматтар ұрлық фактілері туралы арызды кеш түсіреді. Бұл аралықта қылмыскер мүлікті өткізіп үлгереді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →