×

"Неге мені жұлқылайды?": Алматыда мектеп оқушысы мұғалімнің үстінен шағымданды

Мұғалім сынып жетекшілігінен уақытша шеттетілген

"Неге мені жұлқылайды?": Алматыда мектеп оқушысы мұғалімнің үстінен шағымданды
Ашық дереккөздерден

Алматыда мектеп оқушысы мұғалімінің дөрекі қылықтарына наразылық танытып шағымданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Алматы қаласы Әуезов ауданындағы № 133 мектептің 9-сынып оқушысы әлеуметтік желіге сынып жетекшісіне шағымданған видеоны жариялаған. Оқушының айтуынша, мұғалім оқушыларға дөрекілік танытқан.

"Бізге 5-сыныптан бастап Н.Н. жетекшілік етеді. Оның мінезі өте қатаң. Әр сабақ сайын ұрсып, айқайлай береді. Мені жұлқылап, қабырғаға қарай итеріп жіберді. Балаларға ылғи қол көтереді. Тіпті тыныш отырғандарға да ұрысады. Ата-анам мектеп басшылығымен кездескенде, олар болған жағдайға көз жұма қарауға тырысып, оны "кешіруді" сұрады. Біздің айтқанымызға ешкім құлақ аспады. Ата-анамыз мәселені заң жолымен шешуге тырысуда. Ал мені кім тыңдайды, менің де құқығым бар емес пе?! Менің жасым кәмелетке толмаған. Неге мені жұлқылайды? Кеше түнде ауруханада болдым. Қолым қатты ауырды, рентгенге түсірдім. Дегенмен, мұғалімге ешкім шара қолданып жатқан жоқ, керісінше, мұнда оны қатты қорғайды", - деп шағымданды 9-сынып оқушысы.

Алматы қаласының білім басқармасында оқушының желіге жариялаған видеосына түсініктеме берілді.

"Аталған мәселе бойынша комиссия құрылды, олар білім беру мекемесіне арнайы барып тексеретін болады. 2023 жылғы 16 мамырда бұл мәселені Әуезов ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қарау жоспарлануда. Бұл мәселе Алматы қаласы білім басқармасының бақылауында", - деп хабарлады басқармадан.

Ведомствоның хабарлауынша, мұғалім сынып жетекшілігінен уақытша шеттетілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Бүгін, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →