×

Қазақстан әлем чемпионатын төрт алтынмен аяқтады

Төртінші алтын 80 келіге дейін салмақтағы Нұрбек Оралбайға бұйырды.
 

Қазақстан әлем чемпионатын төрт алтынмен аяқтады
коллаж Qaz365.kz

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан төрт алтын медаль алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Төртінші алтын 80 келіге дейін салмақтағы Нұрбек Оралбайға бұйырды.
Ол Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен жолықты. Отандасымыз өзінің басымдығын танытып, чемпион атанды

Сөйтіп, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын төрт алтын, бір күміс медальмен аяқтады. Жалпыкомандалық есепте – екінші орын.
Айта кетейік, осының алдында Қазақстан үш алтын, бір күміс медаль алып үлгерген еді. Санжар Тәшкенбай (48 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Асланбек Шымбергенов топ жарса, Дулат Бекбауов (67 келі) күміс жүлдеге ие болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →