×

Жыл сайын елімізде балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады

Олардың ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 700-ден астам жыныстық қылмыс бар

Жыл сайын елімізде балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады
Ашық дереккөздерден

Жыл сайын Қазақстан аумағында балаларға қатысты 2 мыңға жуық қылмыс жасалады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Мұндай деректер «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында келтірілген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің дерегінше, балалардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелер жүйелі шешімді қажет етеді.

«Балалар қорғауды қажет ететін ең осал топ болып қала береді. Оларға қатысты жыл сайын 2 мыңға жуық қылмыс жасалады. Олардың ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты 700-ден астам жыныстық қылмыс бар. Олардың 70%-дан астамын айналасындағылар жасаған», - деп жазылған ашық талқылауға шығарылған құжатта.

Сонымен бірге, тұжырымдамада былтыр елімізде тіркелген қылмыстық құқықбұзушылықтардан 495,1 млрд теңге шығын келгені жазылған.

Осы және өзге де мәселелерді жүйелі шешу үшін министрлік 4 жылдық тұжырымдаманы қабылдауды ұсынады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні
Бүгін, 09:33

"Тәуелсіздіктің тұмарлары, елдіктің нышаны": 4-маусым – мемлекеттік рәміздер күні

Мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы мен оған қатысты қандай заңдар бар?!
Ақтаудан шыққан лайнер бес елдің портына тоқтап Ресейге дейін барады
Тінту барысында тіркелмеген бес мылтық, оның ішінде кесілген және ойық ұңғылы карабин, травматикалық қару мен оқ-дәрілер тәркіленген
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше кәсіпкер бұл шараны заңсыз ұйымдастырған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →