×

Сырдария өзеніне 14 жастағы жасөспірім батып кетті -Қызылорда

Сырдария өзеніне 14 жастағы жасөспірім батып кетті -Қызылорда
Ашық дереккөздерден

Қызылорда қаласы тұсындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Оқиға 14 мамырда Қызылорда қаласы аумағында болды. Жергілікті уақытпен 13.23-те Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне оқыс оқиға туралы хабар келіп түсті.

«Хабарламада 13:00 шамасында Қызылорда қаласы «Мерей» шағынауданы маңындағы Сырдария өзеніне жасөспірім суға батып кеткені айтылған. Ол жабдықталмаған орында суға шомылған. 2009 жылғы жасөспірімнің денесін сүңгуірлер іздестірді. Нәтижесінде сағат 14.48-де жасөспірімнің денесін судан алып шықты. Балаларды қараусыз қалдырмауды, қайғылы жағдайға ұшырамас үшін баланы қадағалауды сұраймыз», - деді Қызылорда қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Жасұлан Түйменов.

Ведомство мәліметінше, былтыр қала көлемінде 12 адам су айдынында қаза болған, оның 6-уы бала.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды
Бүгін, 16:59

Алматының тауларынан тағы бір жас жігіттің денесі табылды

Құтқарушылар 20 жастағы жігіттің денесін тапты
Олар Ресейдің Әскери-теңіз флот күніне орай жиын өткізген
Бұл ұсыныс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірнеше рет түскен
KPI жүйесі бойынша әкімдердің үздігі халықты жұмыспен қамтауына қарай айқындалады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →