×

Ел бойынша 225 полиция объектісін салу қажет – ІІМ

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған

Ел бойынша 225 полиция объектісін салу қажет – ІІМ
Ашық дереккөздерден

Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған, олардың 30%-ы қолданыстағы стандарттарға сай келмейді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында жазылған.

«Қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қызметінің тиімділігіне материалдық-техникалық жарақтандырудың нашар деңгейі кері әсерін тигізуде. Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ғимараттардың 50%-ы ХІХ-ХХ ғасырларда салынған, тозығы жеткен және жарамсыз күйде. Оның 30%-ы қолданыстағы стандарттарға сәйкес келмейді.

Жалпы, республика бойынша 225 полиция объектісін салу (оның ішінде 6 облыстық ішкі істер департаменті, 84 - қалалық және аудандық органдардың ғимараты), сондай-ақ барлық ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу қажет», - деп мәселе көтерілген тұжырымдамада.

Ведомство дерегінше, 2015 жылдан бері Ішкі істер министрлігінің республикалық және жергілікті бюджет есебінен полиция объектілерін салу жөніндегі бастамалары қолдау таппай келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →