×

Алматыдағы кинотеатрдың бірінде 20 жастағы қызды бір топ жігіт зорлағаны туралы ақпарат тарады

Бұл туралы құқық қорғаушы  «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жазды

Алматыдағы кинотеатрдың бірінде 20 жастағы қызды бір топ жігіт зорлағаны туралы ақпарат тарады
cghtrk.ru

Алматы қаласының полицейлері  кинотеатрлардың бірінде 20 жастағы қыздың топтасып зорлаудың құрбаны болғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы құқық қорғаушы  «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі жазды.Оның айтуынша, аталған оқиға 14 мамырда болған.

«20 жастағы қыз досымен бірге кино залына барған. Бірақ сол жерде ол топтық зорлаудың құрбаны айналды. Мекеме директоры зорлық әрекеттерден кейін оны бірден қорқыта бастаған.  Егер полицияға арыздансаң интимдік суреттерің мен видеоларды интернетте таратамын депті. Қыз бұндай қысым мен қоқан-лоққыларға шыдай алмай, барға барып, бөтелке сындырып, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан», - дейді Дина Таңсәрі.

Осыдан кейін зорлық жасаған үшеуі де қорқып қашып кеткен. Әзірге екеуі ұстатпаған. Ал біреуі кеше табылып, жауап алынып, босатылған. Тергеуші сараптама нәтижесін күтеді.
Қылмыстық кодекске сәйкес,  топтық зорлау бойынша қылмыстар дәлелденсе, 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.
Бұл жағдайға қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді. 2002 жылғы қыз өзінің зорлық әрекеттерге ұшырағанын айтып, арыз жазған.

«Іс жүргізу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚІЖК 24-бабының талаптарын орындау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →