×

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен 72 жастағы зейнеткер үш күннен кейін табылды

Іздеу жұмыстарына 100-ге жуық адам жұмылдырылды

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен 72 жастағы зейнеткер үш күннен кейін табылды

Жетісу облысында хабар-ошарсыз кеткен әйел ескі әскери полигон маңынан табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Панфилов ауданында жоғалып кеткен 72 жастағы Орынбүбі Мұханова табылды. 13 мамырда үйінен шығып кеткен зейнеткерді іздеу шаралары үш күннен аса уақытқа созылды. Әлсіреген әйел өзі туған Лесновка ауылынан 15-20 шақырым жерде ескі әскери полигон маңынан табылды.

Полицейлер зейнеткерді іздеу жұмыстарына туыстарынан бөлек еріктілерді, шекарашыларды және жергілікті халықты, барлығы 100-ге жуық адам жұмылдырды. Іздестіру тобының бірі қалың тоғай арасынан әжейдің орамалын тауып, іздеу бағытын анықтай алды. 

Жалғыз өзі жүрген зейнеткерді жергілікті шопандар байқап, оның ізіне түсіп келе жатқан іздеушілерге хабарлаған. Тамақ пен сусыз ол қатты әлсіреп қалған. Медициналық көмек көрсеткеннен кейін туыстары оны үйіне алып кеткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты
Бүгін, 15:13

Қостанайда сериялық ұрлыққа қатысты сот шешімі шықты

Сериялық ұрының әрекетінен 13 қалатұрғыны зардап шеккен
Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, бұл тәжірибе басқа өңірлерге де енгізілуі мүмкін
Олар Балиде есірткімен байланысты қылмыс жасады деген күдікке ілінген
90 күннен ерте емес және 72 сағаттан кеш емес уақытта өтінім берілуі шарт

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →