×

Алматыда қылмыстық топ кәсіпкерлерді қорқытып, бизнесін тартып алумен айналысқан

Сонымен қатар, тергеу кезінде ақшалай 9 миллион доллар да тәркіленген

Алматыда қылмыстық топ кәсіпкерлерді қорқытып, бизнесін тартып алумен айналысқан

Қылмыстық топтан 133 үй, 11 жер телімі, 35 автокөлік тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Бұл мүліктің барлығы ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы Елдос Қоспаев пен оның сыбайластарынан тәркіленген дүние. 

Сонымен қатар, тергеу кезінде ақшалай 9 миллион доллар да тәркіленген. Одан бөлек, Қоспаев ешқандай ресми құжатсыз Алматы облысының аумағында зәулім сарай тұрғызған. Қала сыртындағы жекежайда бассейн, фитнес орталық, кинотеатрды айтпағанда, үйінің ауласын нағыз хайуанаттар бағына айналдырыпты. Ол жерде асыл тұқымды жылқылардан бастап, арыстан, аюға дейін бар.

Жалпы ұйымдасқан топтың жымысқы әрекеттерінің кесірінен келген шығын көлемі 4 млрд. 600 мың теңге айналасында. Қоспаев пен оның сыбайластары қол астына жұмыс істеген адамдарға жылдар бойы жалақы бермей, зорлық көрсетіп, ешқайда шығармаған дейді агенттік тергеушілері.

“2018 жылдан бастап 2021 жылға дейін Шалин зорлап келді. Қанша жерге қашып кеттім. Үш қалаға. Ұстап, алып келеді. Үшінші қашқанымда Медеу ауданына барып арыз жазғанымда. Медеу ауданының полицейлері шығып, Елдос Қоспаевқа телефон соғып: "Твоя крыса у нас" деген. Мен солардың үстінен арыз жазған едім.  Мені қинап ұстады. Сөйтіп, бес жыл өмірім психологиялық күйзелісте болды”, – дейді Қоспаевтың үй қызметшісі. 

Күдікті Елдос Қоспаев пен оның сенімді серіктестеріне қатысты тергеу әлі де жалғасып жатыр. Ұйымдасқан қылтыстық топ 11 адамнан құрылған. Оның бесеуі қазір қамауда. Ал жетекшісі Елдос Қоспаевпен бірге алты адамға халықаралық іздеу жарияланған.

Қылмыстық топ Алматының кәсіпкерлерін қорқытып-үркіту арқылы бизнесін тартып алумен айналысқан. Алматы мен Ақтауда алкоголь өнімдерін көтерме бағамен сатумен айналысатын ірі компанияларды бопсалап, кірістерінің бірнеше пайызын иемденген дейді қаржы мониторигі агенттігі. Осылайша ұйымдасқан топ заңды белшесінен басып, қыруар табысқа кенеліп отырған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →