×

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25,3 трлн теңгеге жетті

Мәжілісте Ерұлан Жамаубаев үкіметтің 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің игерілуі туралы есебін таныстырды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 25,3 трлн теңгеге жетті

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 трлн теңгені құрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі  Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәжілісте Ерұлан Жамаубаев үкіметтің 2022 жылға арналған республикалық бюджеттің игерілуі туралы есебін таныстырды.

"2022 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 421 млрд теңгені немесе жалпы шығыстың 2,3 пайызын құрады. Бюджет қаражатын тиімді және толық игеру үшін әкімшілердің жауапкершілігін арттыру шаралары қабылданды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша орталық және әкімдіктердің 113 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 82 басшылық лауазымды атқаратындар", – деді министр.

Министрдің айтуынша, бюджет кірістері 102,1 пайызға орындалып, 16 триллион 142 миллиард теңгені құрады. Шығындар 18 триллион 532 миллиард теңгеге немесе 98,6 пайызға орындалды. Ал бюджет тапшылығы 2 триллион 391 миллиард теңгені немесе жалпы ішкі өнімнің 2,4 пайызын құраған.

"2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 триллион теңгені немесе ЖІӨ-нің 24,9 пайызын құрады. Оның ішінде үкімет қарызы жалпы ішкі өнімнің 21,7 пайызын немесе 22 трлн теңгені құрады", – деді Ерұлан Жамаубаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →