×

Ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады – Жигули Дайрабаев

Ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады – Жигули Дайрабаев

Соңғы кездері басынан дау арылмаған Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев кеше өзіңе қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын айтқан. Бірақ бүгін тілшілерге оның атын атамай қойды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Кеше Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников  Алматыдағы баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары «құлдықта адам ұстағанын» айтқан. Кейін бұған жауап берген депутат өзіңе қарсы ақпараттық соғыс жүріп жатқанын жеткізген.

«Ол іс бойынша адвокат бар. Сол айналысып жатыр. Сіздер айып етпеңіздер. Бәріңізді  жақсы көремін», – деп депутат Мәжілістегі жиынға кіріп кетті.

Жигули Дайрабаев мәжілісмендердің арасында жалғыз онда ғана жау бар екеніне жауап бере алмады.
Ал “Мандатыңызды тапсырмайсыз ба?” деген сауалға: «Сіз кімге дауыс бердіңіз? Маған ондай сұрақ қоймаңыздар, ұят болады», деп айтты. 

Айта кетейік, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион» құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. 

Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →