×

Академиктердің орташа жасы – 69: Саясат Нұрбек ғылыми кадрлар туралы айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазір ғылыми кадрлардың саны 22 456 адам екенін айтты

Академиктердің орташа жасы – 69: Саясат Нұрбек ғылыми кадрлар туралы айтты
Фото: primeminister.kz

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәжілістегі үкімет сағатында ғылыми кадрлардың әлеуетіне тоқталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазір ғылыми кадрлардың саны 22 456 адам екенін айтты. Ғылыми зерттеушілердің 37%-ы ғылыми және академиялық дәрежеге ие.

"Бұл көрсеткіш жоғары емес. (Ғылымдағы) жастарға келсек, жағдай жаман емес. 35 жасқа жейін жас ғалымдардың үлесі – 34%-ы, негізгі топ – 43% (35-54 жас аралығындағы ғалымдар), 55 жастан жоғары ғалымдар – 23%. Бірақ ғылыми зерттеу институттарының басшылығына тоқталайын. Мұнда басшы кадрлардың қартаюын байқап отырмыз. Ғылыми зерттеу институттары басшыларының орташа жасы – 59 жас. Қазір академиктердің орташа жасы – 69 жас", – деді  Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, қазір 414 ғылыми ұйым бар. Олар – гранттық жобаларға және ғылыми зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстарын атқарып жатқан ғылыми ұйымдар. Мемлекеттік сектордың, яғни министрлікке бағынатын ұйымдардың саны – 26%. 2015 жылы «Коммерциаландыру туралы» заңды қабылдағаннан кейін өсім 43% болды, яғни олар кәсіпкерлік-жекеменшік сектор ұйымдары.

"Қазір бизнес ақырындап ғылыми зерттеуге бет бұра бастады. Ғылыми зерттеу институттарына тоқталайын. Қазір жалпы мемлекеттік органдардың, ведомствоаралық бағынысты ұйымдардың саны – 104. Оның ішінде нақты 92 ғылыми және іргелі ғылым институты бар", – деді Саясат Нұрбек.

Ең үлкен пайыз Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі – 33%, яғни 30 ғылыми зерттеу институты. Ал министрлікте 26 институт, сәйкесінше 28%. Жалпы бірнеше ведомствоға қарайтын, яғни Денсаулық сақтау министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Мәдениет және еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Сауда және интеграция және тағы басқа.

"Ең көп қаржыландыруды алып отырған – Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу институттары. Биыл оларға 19 млрд-қа жуық теңге, ал Денсаулық сақтау министрлігінің институттарына 35 млрд-қа жуық теңге қарастылған", – деді Ғылым және жоғары білім министрі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді
Бүгін, 15:37

Алматыда Республика күніне орай "Дрондар шоуы" өтеді

Дрондар шоуы 25 қазанда Абай және Астана алаңдарында өтеді
Қазақстанда өндірілмейтін көкөністер мен жемістер қымбаттайды.
Журналист вице-премьерден қызметтегі амбициясы туралы сұрады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →