×

Енді жұмыс орнындағы харассмент үшін 5 жылға дейін сотталу мүмкін

Заңға қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік нормалары қарастырылып жатыр

Енді жұмыс орнындағы харассмент үшін 5 жылға дейін сотталу мүмкін
thevoicemag.ru

Елімізде жұмыс орнында жасалған харасмент үшін заң талабы қатайып, кәсіби жауапкершілік артты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Қазақпарат-қа сілтеме жасап.

Енді жұмыс орнындағы харассмент үшін 5 АЕК-тен, яғни 15 315 теңгеден 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып жатыр.

Қазақстандағы әйелдер кәсіпкерлігін және гендерлік теңдікті дамыту коалициясының Гендерлік зорлық-зомбылық жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Роза Бекишева қазір елде жұмыс орнындағы харассмент үшін жазалауға арналған заңдық-нормативтер мен ресми статистика жоқ екенін айтты.

“Біз қоғамдағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша өзекті мәселелерді үнемі көтеріп жүрміз. Біздің ұйымға жәбірленушілер жұмыс орындарындағы қудалау туралы шағымдармен көп келеді. Бұл мәселе бойынша заңдарды қарастырғанымызда, іскерлік жауапкершілікті көздейтін нақты заңдық нормалар жоқ екені белгілі болды. Қазақстанда жұмыс орнындағы қудалау фактілері бар да, бірақ  нақты жинақталған ресми статистика жоқ. Қазір кәсіпкер әйелдер коалициясында бұл мәселемен айналысып жатқан жұмыс тобы бар. Біз қыздарымызды, әйелдерімізді қудалағандар жазасын алу керек деп есептейміз. Заңнамаға нақты нормаларымызды енгізу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Біздің ұйымға ер адамдар да жүгінетін кездер болады. Әкімшілік кодекске, еңбек, қылмыстық және кәсіподақтар туралы заңға айыппұлдардан бастап қылмыстық жауапкершілікке дейінгі нормаларды енгізу үшін негіздемесі бар жақсы ұсыныстар дайындадық", – деді Роза Бекишева.

ҚР ІІМ Қостанай академиясының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының аға оқытушысы Сергей Корнейчук алдыңғы спикердің шағымымен келісіп, заңнамада мұндай нормалардың жоқтығын және олар қазір қалай жұмыс істеп жатқанын түсіндірді.

"Біздің заңда әлі харассмент ұғымы жоқ. Жұмыс орнындағы жыныстық қудалауға аз көңіл бөлінеді. Сондықтан, бүгін жұмыс орнындағы зорлықшыларға әсер етудің құқықтық негіздері болуы үшін заң жобасын ұсынғымыз келеді. Біз заң жобасында қандай баптарды жетілдіргіміз келетінін талқылап жатырмыз.

Мұндай мәселелер жайлы Бұқаралық ақпарат құралдары көп жазады. Бірақ жауапкершілікке тарту өте қиын болуы мүмкін. Және құқық қорғау органдарының өздері осындай мәселемен бетпе-бет келгенде қалай жұмыс істеу керек екенін де білмейді. Кейбір зертттеу-зерделеу мақалалар бар, бірақ олар харассментпен күресуге бағытталмаған. Біріншіден, біз Қылмыстық кодекстің 3-бабына "харассмент" ұғымын енгізгіміз келеді. Жауапкершілік төрт бағытта болғанын қалаймыз. Бұл қылмыстық, әкімшілік, азаматтық және тәртіптік жауапкершілік. Сондықтан басшы харассментпен байланысты осындай заңсыз әрекеттер болып жатқанын біліп, тәртіптік шаралар қолдана алады. Әкімшілік кодексте біз мамандандырылған норманы ұсынамыз. Сондай-ақ қылмыстық кодекстегі 23-бапты жетілдіргіміз келеді. Еңбек кодексіне басшының рөлін көтеру, харассмент фактілеріне жауап беру құқықтары мен нақты міндеттерін енгізу үшін өзгерістер енгіземіз. Бұған кәсіподақ ұйымдары да әсер етуі арқылы жұмыс орнындағы қудалаумен күресу керек деген құзыретті енгіземіз", –  деді Сергей Корнейчук

Сондай-ақ, спикер құқық бұзушының белгілі бір әрекеттері мен олар үшін жазалар қалай бағаланатынын түсіндірді. Мысалы, жұмыс орнында жыныстық қудалаудың алғашқы көрінісінде тәртіптік ескерту беріледі .Егер олар құшақтаса, жұмыстан кейін қалуды, кафеге баруды және басқа да ұсыныстар жасаса – 5 АЕК-ке дейін айыппұл төлемек. Бұл жағдай қайта қайталанған жағдайда – 15 тәулік қамау немесе жұмыстан шеттету, лауазымдарда жұмыс істеуге тыйым салу шаралары қолданылады. Ал егер харассмент қылмыстық іске ұласып, зорлау, қинау, мәжбүрлеу, қудалау сияқты фактілер анықталса қылмыс деңгейіне байланысты 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді
22.04.2024ж. 15:55

Бишімбаев Нүкенованы видеоға түсіріп, балағаттаған: Сотта жантүршігерлік видеолар көрсетілді

Бишімбаев марқұм Нүкенованы сұрақтың астына алған видеолар көрсетілді
Елордалық полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі
Ол оқырмандарының бірқатар сұрағына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →