×

Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды

Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге

Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды
Ашық дереккөздерден

Ақтөбеде жоқ малға заңсыз субсидия алған мәслихат депутаты қамауға алынды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігі Ақтөбе облыстық департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
10.05.2024ж. 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →