×

Телефонын ломбардқа өткізіп, өзі жоғалып кеткен: Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр

Бозбала 15 мамырда үйінен шығып кетіп, оралмаған

Телефонын ломбардқа өткізіп, өзі жоғалып кеткен: Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр
mgorod.kz

Оралда үшінші күн қатарынан жасөспірім іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жасөспірімнің анасы ұлы Зачаганск ауданындағы үйінен шығып, ескі әуежай маңындағы ағасына кеткенін, содан жоғалып кеткенін айтты.

"Балам бір рет үйден кетіп қалған еді, бірақ бәрі оңалды. Ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде тіркеуде жоқ, денсаулығында да проблема жоқ. Жоғалған соң келесі күні полицияға арыз жаздық. Олар Бибол телефонын ломбардқа өткізгенін анықтады, басқа ақпарат жоқ. Біз қатты алаңдап отырмыз", - деді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов 2029 жылға дейін жалпы құны шамамен 7 трлн теңгелік 46 инвестициялық жобаның іске асырылып, 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылатынын айтты
Қырғызстанда қылмыс әлемінің серкесі болған Қамшы Көлбаевтің қылмыстық тобына қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматына іздестіру жарияланды
Дептутат Данияр Қасқарауов Премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, әлі күнге шешімін таппаған Сорбұлақ мәселесін көтерді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →