×

Қаңтар оқиғасына байланысты істі болған 25 азамат босатылды

Қайтыс болған Думан Қанатбектін ісі қысқартылды

Қаңтар оқиғасына байланысты істі болған 25 азамат босатылды
Telegram / Azattyq - Азаттық

Алматыда Қаңтар бойынша айыпталған “25-тің сотында” бүгін үкім оқылды. Сот айыпталушылардың барлығына (бір адам – Думан Қанатбек Қаңтар оқиғасында қаза болған) шартты жаза берді. Қамауда болғандардың барлығы босатылды. Бұл туралы адвокат Айнара Айдархан мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Бұған дейін прокурор айыпталушыларға 2-4 жыл аралығында түрме және шартты жаза сұраған. Айыпталушыларға негізінен "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты", "қару-жарақ ұрлады", "ғимараттарға шабуыл жасады" деген айыптар тағылған. Айыпталушылардың кейбірі айыпты ішінара мойындаған, кейбірі келіспеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады
02.09.2025ж. 08:22

Қазақстан Қытайдан тағы 15 миллиард доллардан асатын инвестиция тартады

Президенттің Қытайға сапарының қорытындысы бойынша Қазақстанға тағы миллиардтаған инвестиция құйылады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →