×

Балаларды ұруға енді заңмен тыйым салу ұсынылды

Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енген

Балаларды ұруға енді заңмен тыйым салу ұсынылды
newsroom.kz

Біріккен ұлттар ұйымының Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін екеніін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол  балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн деп отыр.

«Әлемнің 65 елінде осындай заң күшіне енген. Тағы 27 ел бұл заңға қосылуды жоспарлап отыр.  Сондықтан Қазақстанда осы қадамға барғаны дұрыс.Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Отбасында да, отбасынан тыс жерде де дене жарақатына тыйым салу маңызды қажет. Біз балаларға зорлық-зомбылық жасалуына, оларды ұрып-соғуға жол бермеуіміз керек. Бұл – қоғам алдындағы міндетіміз», – деді БҰҰ Қазақстандағы балалар қорының өкілі Артур Ван Дизен.

Осы ретте Артур Ван Дизеннің ұсынысына орай заңгер Заир Алтынбековтің пікірін білген едік. Ол  «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 141-бабын мысалға келтірді.

«Заңда кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған баланы қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған балаға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырады. Сонымен қатар 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады. Тіпті, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. Аталған заң біздің мемлекетке ауадай қажет», – дейді ол.

Ал полицейлер «балаларды түнгі уақытта көшеге жалғыз жібермеу керек» деп отыр. Тәртіп сақшыларының дерегінше, Қазақстанда жыл сайын көшеде беймезгіл жүрген 100 мыңнан астам жеткіншек полиция бөлімшесіне жеткізіледі. Ал осы жылдың басынан бері үйлерінен тыс жерде жүрген 22 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала ұсталыпты.

«Заңнамада түнгі уақытта ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағанды кіргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлерге қатысты жауапкершілік қарастырылған. Биыл осындай 680 кәсіпкер жауапқа тартылды. Біз мұндай адамдарды Ішкі істер органдарының есебіне қоямыз, олармен профилактикалық жұмыс жүргіземіз», – деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров.

Осыған байланысты отбасы психологы Ержан Мырзабаевтың пікірін білдік. Оның айтуынша, ата-ананы жазалаудан бұрын, олардың ата-ана ретіндегі біліктілігін арттыру керек..

«Ата-ана баланы ұрғаны үшін, зорлық-зомбылық көрсеткені үшін белгілі бір жауапкершілік сезінуі керек. Өйткені, сезінбесе, жалғаса береді. Екіншіден, ата-анаға осы тұрғыда жазадан бұрын көмек керек. Мысалы, ата-ана өзінің біліктілігін арттыра алатын курстар, семинарлар бар ма? Одан кейін жазалау керек. Яғни мемлекет саған балаңды ұрмау үшін жағдай жасап отыр, бірақ сен әлі де ұрып жатырсың. Демек енді сені жазалау ғана қалды. Ал егер мемлекет үйрену үшін, біліктілігін арттыру үшін ештеңе істемей, тек қана жазаласа, бұның салдары ауыр болуы мүмкін», – дейді маман.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Бүгін, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →