×

Меркі ауданында демалыс аймағындағы өрт сөндірілді

Жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды

Меркі ауданында демалыс аймағындағы өрт сөндірілді
Видеодан кадр

Жамбыл облысының Меркі ауданында демалыс базасында тұтанған өрт толығымен өшірілді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, жалын 400 шаршы метр аумақты шарпыды.

«Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің күшімен (37 қызметкер және 12 техника) 21 мамыр күні, сағат 00.13-те оттың таралуы тоқтатылып, 01.25-те толығымен жойылды.

Алғашқы бөлімшенің жеткен уақыты – сағат 22.16 (арақашықтық 14 шақырым).

Өрт салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер тіркелген жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Еске салайық, Меркі ауданында, Меркі ауылынан 14 шақырым қашықтықта орналасқан «Тұран» демалыс аймағында өрт шыққан болатын. Қызыл жалын бір қабатты төрт ағаш ғимаратты (әкімшілік ғимарат, дәмхана және 2 қонақ үй) шарпыды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →