×

Атырауда 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп кетті

Атырауда көпірден секіру жағдайлары жиілеп тұр

Атырауда 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп кетті
Видеодан кадр

Атырауда 17 жастағы ер бала көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, бұл туралы 20 мамырда жергілікті уақытпен сағат 22:40-та хабар түскен.

«Оқиға орнына жедел құтқару жасағының құтқарушылары 2 минутта жетті. Құтқарушылар жедел әрекет етіп, көпірден Жайық өзеніне секірген жасөспірімді құтқарып қалды. Оның жасы 17-де екені анықталды. «Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.

Полиция департаментінің мәліметінше, көпірден секірген жасөспірімді құтқаруға полиция подполковнигі Абу Нұрлан, полиция капитаны Ришат Беркалиев, көлік инспекциясының қызметкері Батырбек Жиреншин мен полиция аға лейтенанты Батырбек Камалов, полиция лейтенанты Зауырбек Шайхатов атсалысқан. Қазір жедел тергеу тобы жасөспірімнің әрекетіне қатысты тексеруді бастады.

Құтқару жұмыстарына Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағынан 4 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, Атырауда көпірден секіру жағдайлары жиілеп тұр. Бұл – сәуірден бергі төртінші оқиға.

Бұған дейін Атырауда бір айға жуық уақыт бұрын жоғалған қыздың мүрдесі табылған еді. Жасөспірім қыз 6 сәуірде үйінен шығып кетіп, кейін оралмаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары іздеуге 7 сәуірде кірісті. Кейін оның көпірден секіргені анықталды.

Ал 26 сәуірде 23 жастағы бойжеткен көпірден секіріп кетті.

Сондай-ақ 44 жастағы мас әйел көпірден секіруге оқталғаны тіркелді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Бүгін, 19:13

1 мамырдан бастап Қазақстан әуежайларында авиациялық қауіпсіздік шаралары күшейтілді

Осыған байланысты жолаушылар әуежайларға ертерек келуі керек
Еріктілерді, азаматтық белсенділерді, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін және басқаларды
Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен  бейбітшіліктің символы саналатын мерейлі мереке
Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →