×

Түрмедегі неке: «Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы үйленді

Олар бір-бірімен газеттегі хабарландыру арқылы  танысқан

Түрмедегі неке: «Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталушы үйленді
Ашық дереккөздерден

«Қара бүркіт» мекемесінде жазасын өтеп жүрген ер адам түрме қабырғасында некесін қиды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

Ерекше режимдегі колонияда жазасын өтеп жүрген сотталған екінші жартысын тапқан. Олар бір-бірімен газеттегі хабарландыру арқылы танысып, хат жазыса бастаған.

«Біз біраз уақыт сөйлестік. Мен оны жоғалтқым келмегендіктен үйлену туралы шешім қабылдадым», - дейді сотталған Д.

Ерлі-зайыптының некесі № 39 мекемесінде қиылды.

Ер адам қарақшылық үшін жазасын өтеп жатыр. Мекеме психологтарының пікірінше, мұндай оң өзгерістер сотталушыға пайдалы, отбасын құру түзетудің маңызды қадамы болып саналады.

Айта кетері, «Қара бүркіт» түрмесі көпшілікке өмір бойына сотталғандар отыратын жабық колония және ең қатаң режимімен танымал.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда әкімдерге KPI жүйесі енгізіледі
Бүгін, 11:04

Қазақстанда әкімдерге KPI жүйесі енгізіледі

KPI жүйесі бойынша әкімдердің үздігі халықты жұмыспен қамтауына қарай айқындалады
БАҚ-тан түскен сұрауларға байланысты ҚМА қайырымдылыққа байланысты тағы бір резонансты іс жөнінде мәлімдеме жасады
Бүгін алдын ала тыңдауда прокурор айыптау актісінде оқиғаның қалай болғанын айтып берді
UFC чемпионы Шавкат Рахмонов Әбу-Дабиде жүрген кезінде қайғылы жағдай орын алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →