×

ҚМДБ Бас мүфтидің «Әруақ қолдасын» деген сөзіне түсініктеме берді

ҚМДБ Бас мүфтидің «Әруақ қолдасын» деген сөзіне түсініктеме берді
Ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, найб мүфти Сансызбай Құрбанұлы «Әруақ қолдасын» сөзіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды  Qaz365.kz.

«Әруақ қолдасын» дегенді жөндеп түсініңіздер. Бұл жерде «әруақ дұға қылсын», «әруақ біз үшін шапағатшы болсын» деген мағынада ғана. Әлбетте, әруақтың өзі жарата алмайды, тікелей бере алмайды.  Бірақ «Әруақ, жаңбыр жауғыз» деп айтпайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) миғражға көтерілген кезде 50 рәкат намаздан 5 уақытқа түсіруге Мұсаның әруағы себепкер болды. Мүфти адасты деген сөз болмасын», - дейді Сансызбай Құрбанұлы.


Айта кетейік, бұған дейін отандық телеарналардың бірінде Астанадағы бас мешітте өткен ақсақалдар арасындағы І республикалық бата беру байқауында Бас мүфтидің «әруақ» сөзін аз қолдану керек, ал реті келсе, мүлдем қолданбау қажет» деп айтқаны көрсетілген.

Бірақ кейіннен діни басқарманың баспасөз хатшысы Ағабек Қоңарбайұлы  «Бас мүфтидің дұға жасау әдептеріне қатысты айтқан сөзі эфирден толық берілмей қалған. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір жазылып жатыр» деген болатын. 
Жақында бас мүфтидің өзі қайтадан түсіндіріп, шариғатта әруаққа сыйынуға тыйым салынбағанын айтқан еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →