×

Қазақ жері Қытай сайттарында саудаланып жатқаны рас па - Жер комитетінің басшысы жауап берді

Қазақ жері Қытай сайттарында саудаланып жатқаны рас па - Жер комитетінің басшысы жауап берді

Бүгін әлеуметтік желіні шулатқан жаңалықтың бірі – Қытайдағы жер жалдау сайтында қазақ жері сатылып жатыр екен деген ақпарат. Оны желі белсендісі, Қытайда білім алған Ерлан Мазан деген азамат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz.



«Ойда жоқта Қытайдағы жер жалдау сайтына тап болып, таң қалдым.  Әлгі Жер кодексі арқылы шетелдіктерге жалға берілмейтін болып шешілген ауылшаруашылық мақсатындағы қазақтың жері сол жерде арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр. Бұл енді барып тұрған бассыздық», - деп жазды Ерлан Мазан.

Постқа пікір жазғандардың барлығының ашулары қара қазандай.  Автор бұл деректер Қытайдың 土流网 сайтынан алынды. Ашық дереккөз бойынша, бұл жер жалдау бойынша делдалдық қызмет көрсететін салалық портал. Порталдың иесі: 土流集团有限公司 (Тулю тобы). Портал мекенжайы: https://www.tuliu.com/ Ал сайттың қазақстандық секторының сілтемесі: https://kazakhstan.tuliu.com/ деп көрсетті.


Көп өтпей, Ауыл шаруашылығың Жер комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов пікір білдіріп үлгерді.


«Жер кодексінің 24-бабының талаптарына сәйкес, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары, халықаралық ұйымдар, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтар, сондай-ақ қандастар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жеке меншік немесе жер пайдалану құқығымен иелене алмайды, яғни ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн шетелдіктерге беруге қатаң тыйым салынғанын атап өтеміз», - деді Мұрат Теміржанов.


Ол сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен некеде тұрған (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке меншікке және жер пайдалану құқығымен беруге жол берілмейді деп айтты.


«Сондықтан әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз», -деді комитет төрағасы.


Айта кетейік, жақында Қазақстан мен Қытай өзара визасыз режим келісімге қол қойды. Соған сәйкес, екі ел азаматтар 30 күн емін-еркін жүре алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →