×

Мұхтар Жәкішев жазасын толық өтеп бітті

Мұхтар Жәкішев жазасын толық өтеп бітті
Ашық дереккөздерден

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының экс-басшысы Мұхтар Жәкішев жаза мерзімін толық өтеп бітті. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Экс-шенеунік елордада 2009 жылдың мамырында ұсталды. Жәкішевке ірі уран кен орындарында мемлекеттік үлесті сатты деген айып тағылды.
Сот процесі жабық өтті. Жәкішев сот үкімімен кінәлі деп танылып, 14 жылға бас бостандығынан айырылды.
2018 жылдың қыркүйегінде жаза мерзімінің жартысынан көбін өтегеннен кейін, Семейдің №2 сотына шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш білдірді. Алайда, сот 99,6 миллиард теңге мөлшеріндегі шығынды өтемегені үшін өтінішін қанағаттандырмады.
Сосын сол жылдың шілде айында Жәкішев Семейдегі ОВ-156/14 колониясына ауыстырылды. Бұған дейін ол Алматы облысындағы Заречный ауылында, содан кейін Қарағанды облысындағы Долинка елді мекенінде жазасын өтеді.
Ал 2020 жылдың 19 наурызында 11 жылға жуық түрмеде отырғаннан кейін шартты жазамен бостандыққа шықты. Сол кезде үш жыл, екі ай және 17 күн өтелмеген жазасын қалған. Енді, міне, оның бәрін бітті. Осы уақыт аралығында Жәкішев тұрғылықты жері бойынша пробациялық бақылауда болды.
Айта кетейік, Мұхтар Жәкішевтің тұсында 2009 жылы «Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру көлемі бойынша әлемде бірінші орынға көтерілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Бүгін, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →