×

Шымкентте қойманың шатырынан шыққан өрттен 40 жастағы ер адам күйіп қалды

Қойма шатырының 280 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.

Шымкентте қойманың шатырынан шыққан өрттен 40 жастағы ер адам күйіп қалды
ТЖД

Шымкентте қойманың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Qaz365.kz Шымкент төтенше жағдай департаментіне сілтеме жасап.

21 мамыр күні 15:28 шамасында құтқару қызметіне Тұран ауданы, Ломоносов көшесі бойында жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қоймадан өрт шыққаны жайлы хабар түскен.

Қойма шатырының 280 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.

Тілсіз жау сағат 16:20-да оқшауланып, 16:32-де сөндірілді.

Өрт сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оның сол қолының 6% күйіп қалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Отты сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 50 адамы және 11 техникасы және апаттар медицинасы орталығы филиалының 4 адамы жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →