×

Алматы мен қала маңында бұршақ жауып өтті

Бұршақтың көлемі 2-3 сантиметрге дейін жетеді

Алматы мен қала маңында бұршақ жауып өтті
Ашық дереккөздерден

Алматыда 21 мамыр күні кешке күн қатты күркіреп, бұршақ жауды. Бұршақтың көлемі 2-3 сантиметрге дейін жетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Алматы облысында да бұршақ жауды. Өңір мен Алматы тұрғындары түсірген видеоларын әлеуметтік желілерде бөлісіп жатыр.

Видео астындағы түсініктемеде Instagram қолданушылары бұршақ қаланың барлық ауданында бірдей жаумағанын жазады. Кей жерлерде мүлде болмаған.

Бұған дейін синоптиктер Алматы облысының аумағында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Олар нөсер жауын соңы ірі бұршаққа ұласады деп болжаған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды
Кеше, 16:53

675 миллион теңге көлемінде қаржы тартылған: Сайрам ауданындағы орталық саябақ жаңартылды

Салтанатты шара 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай ұйымдастырылып, тұрғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →