×

QUASAR, Chia Tai Tiahging, Incruises: ҚМА қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімін жариялады

Агенттік жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған

QUASAR, Chia Tai Tiahging, Incruises: ҚМА қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізімін жариялады
Sputnik / Абзал Калиев

Қаржы пирамидасы ретінде қызмет көрсетеді деген күдікке ілініп, сот үкімі шыққан ұйымдардың кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz Қаржылық мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Енді өз қаражатын инвестициялауды жоспарлаған қазақстандықтар компанияның сенімділігін Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің реестрінен ғана емес, сонымен қатар осы тізімде де тексере алады.

«Айта кету керек, агенттік биылғы жыл басынан 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.

Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасы белгілері бар контентке жазылудан бас тартты», - делінген Қаржылық мониторингі агенттігінің мәліметінде.

Еске салайық, инвестиция салмас бұрын компанияда қаржылық пирамида белгілерінің бар-жоғын ҚМА Telegram-ботынан білуге болады. Жыл басынан қызметке 3511 өтініш түскен.

«Азаматтарды қырағы болуға және ақша қаражатын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырамыз. Егер сіз және сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шексе, ҚМА саll-орталығына (1458) хабарласа алады», - деді агенттіктен.

photo

photo

photo

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →