×

Алматы-Өскемен тас жолында 7 Tesla тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Көлік апаты Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған

Алматы-Өскемен тас жолында 7 Tesla тиеген жүк көлігі аударылып қалды
видеодан кадр

Алматы-Өскемен тас жолында жап-жаңа Tesla көліктерін тасымалдаған жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Көлік апаты Қонаев пен Талдықорған арасындағы Арқарлы асуында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрда бірнеше көліктің зақымданғанын көруге болады. Видео авторының айтуынша, автотасымалдаушы көлік дәл жол ортасында аударылып қалған.

"21 мамырда Алматы-Өскемен тасжолының 143-ші шақырымында, атап айтқанда Арқарлы асуында Scania көлігінің қатысуымен жол апаты болды. 39 жастағы ауыр жүк көлігінің жүргізушісі жеті Tesla көлігін тасымалдап келе жатқан.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Көліктердің қозғалысы жұмыс режимінде жалғасып жатыр, жол жабылған жоқ", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →